Мектептің 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 17 тамыз күні 7-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектеп директорының 11 мамырдағы №45 бұйрығына сай Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығын, Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығын, мектеп-лицей Жарғысын және 2021 жылғы 30 наурыздағы №4 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген МЕКТЕПКЕ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІН басшылыққа ала отырып, 7-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жұмыс жүргізілді.
16 тамыз күні сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 27 оқушының ата-анасынан (21 физика-математика, 6 жаратылыстану бағыты) конкурсқа өтініш, қажетті құжаттар тапсырылып, 17 тамыз күні қабылдау емтиханына барлығы 26 оқушы қатынасты, 1 оқушы ауырып қалуына байланысты қатыса алмады. Емтихан өту кестесіне сай сағат 10.00- 11.20 уақыт аралығында (жаратылыстану бағыты) оқу сауаттылығы, математика және логика, жаратылыстану пәндері бойынша, 10.00-11.40 уақыт аралығында (физика-математика бағыты) оқу сауаттылығы, математика және логика, математика пәндері бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып мультимедиа, информатика бөлмесінде және физика кабинетінде өткізілді. Емтихан жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін құрылған жұмыс тобы тексеріп, 18 тамыз күні сағат 9.00 де емтихан қорытындысы жарияланып, сағат 10.00-13.00 аралығында аппеляция комиссиясының отырысы өткізілді. Сағат 16.00-де қабылдау комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия шешіміне сай 26 оқушыдан (21 оқушы мектебіміздің 5-сыныптан оқып келе жатырған осы бағытты таңдаған-конкурссыз) тұратын физика-математика бағытындағы 2 лицей сыныбын, толымдылығы 19 оқушыдан (13 оқушы мектебіміздің 5-сыныптан оқып келе жатырған осы бағытты таңдаған-конкурссыз) тұратын жаратылыстану бағытындағы 1 лицей сыныбын жасақталынды. Мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен қашықтан жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі, құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.