Бүгін «Білім мен ғылым-елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында Орал қаласының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті.
Тамыз кеңесінің соңында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға үлес қосқан қала педагогтары марапатталды. Сол педагогтардың ішінде мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі, педагог-зерттеуші Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Әріптесіміз Эльмира Орынбасаровнаны марапатымен құттықтаймыз!