8(7112) 22-85-97

«Тіл – достықтың алтын бесігі» тақырыбында апталықтың ашылуы

22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті. Тілдің қадір-қасиетін ұғындыру, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, құдіретін тереңірек таныту мақсатында ұйымдастырылған тақырыптық жиынның оқушылар үшін маңызы зор.  Жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырлды.

Салтанатты жиын «Жаса, жаса, қазақ тілі» атты әнмен шымылдығын ашты. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның үнімен әрленген күмбірлеген күй, «Атамекен» атты    6-сынып оқушыларының хоры шараны жандандыра түсті. Бірлік пен ынтымақты ту еткен ата-бабамыз салып кеткен сара жолды жалғаушы ұрпақтары – оқушыларымыздың түрлі ұлт өкілдері болып киініп, қазақтың тілінде көркемсөз оқуы көпшілікке өнеге болары сөзсіз. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды, ұлылардың ұлағатын ұлықтауды, тілдің қуатты күшін, мәнін ұғындыруды мақсат еткен жиын қазақ биімен нүктесін қойды. Шараны жүргізушілер апталық аясында жоспарланған жұмыстарды атап өтіп, оқушыларды шараларға белсенді қатысуға шақырды.