22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған апталық аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс шара оздырылды. Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орыс тілінің рөлін анықтау, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Адам көп тіл білген сайын өзінің өрейін өсіреді, басқа тілді үйрену арқылы өз тіліне деген құрметін арттырады. «Язык мой – друг мой» тақырыбындағы өткен сыныптан тыс іс-шарада 5 сынып оқушылары ауызша журналдың беттерін парақтай отырып сұрақтарға жауап берді, орыс тілі мен әдебиеті сабағында өткен грамматикалық тақырыптарға шолу жасады, мысалдар келтірді, мәнерлеп өлең оқыды, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдерден жарысты, «Буриме» әдісі арқылы берілген рифмалардан тақырып бойынша өздері өлең құрастырды. Шараны пән мұғалімдері Габдрахманова Б.Д, Кусанова Г.К өткізді. Сонымен қатар, бейнежазба арқылы автордың өлең оқығаны көрсетілді және мұғалім өзі де тілге құрмет туралы өлең оқып берді.