8(7112) 22-85-97

«Speak up» тақырыбында рөльдік ток шоу

22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай  ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Speak up»(Айтарым бар) тақырыбында рөльдік ток шоу оздырылды.

6-7 сынып оқушылары арасындағы шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. Шара барысында «Қазіргі заман оқушысы кітап оқиды ма?» деген тақырып талқыланды. Шараның мақсаты: шара  арқылы оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеп, түсіне білуін меңгерту, оқушылардың бос уақыттарында телефонда көп уақыттарын өткізбей, көбірек кітап  оқуға жұмылдыру. Сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға, жалпы кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Шараны ағылшын тілі мұғалімдері А.Е.Темирова, А.У.Сисенова ұйымдастырды. Ағылшын тілінде бір- біріне сұрақтар қойылып, жауап алынды. Шара барысында қонақтар келіп, тақырып кеңінен талқыланды. Кітап, газет-журналдарды оқитын оқушылардан сұхбат алынып, диаграмма арқылы есебі таныстырылды.