22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған апталық аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс шара оздырылды. Шараның мақсаты: Тілдерге қызығушылық, Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасына құрмет қалыптастыра отыра, толеранттылықты тәрбиелеу. Шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсете білу.
Тіл - халықтың тірі жаны, оның қуанышы, азабы, жады, қазынасы. Адамдар тілдің көмегімен сөйлеседі-өз ойларын, тілектерін, сезімдерін жеткізеді. Құрметке лайық емес тіл жоқ.. «Язык – живая душа народа» тақырыбындағы өткен сыныптан тыс іс-шарада 6 сынып оқушылары қимыл-іс әрекеттері арқылы әртүрлі тақырыпқа көрсете, бейнелей алды. Туған еліміздің тарихын, салт-дәстүрін шолып шықты сұрақтарға жауап бере отырып. «Үздік аудармашы» ойынында жұмбақты шеше отырып, жауабын қазақ, ағылшын тілдерінде аударып, үш тілдегі өлеңдерді мәнерлеп оқып, жіберілген қателерді таба алды. Лингвистикалық турнирді орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.А. Кдрашева өткізді. «Әрқашан күн сөнбесін!» атты өлеңді үш тілде шырқап шара аяқталды.