Ата-аналар жиналысының күн тәртібі:
1.2021-2022 оқу жылындағы мектептің бастапқы жағдайы туралы.
2. Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
3."Тәртіп—тәрбие бастауы".
4.Бала қауіпсіздігіндегі басты ережелер.
5.Мектептегі әлеуметтік педагогтің қызметі, "Мектепке жол" қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуы.
Жалпы ата-аналар жиналысы қашықтан ZOOM платформасында өтіп, барлығы 156 қатысушы болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен қарастырылып, ата-аналардың пікірлері тыңдалды.
5-11 сынып ата-аналары толық қамтылып, жалпы мектеп-лицей, әкімшілік тарапына өз ұсыныстарын білдірді.
Мектеп-лицей директоры Женис Мендигалиевич ағымдағы оқу жылының ерекшеліктері мен мектеп-лицейінің осы оқу жылындағы міндеттеріне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайына және мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алия Жаркыновна жаңа оқу жылындағы оқу ауысымы, сабақ кестесі, мектепішілік үйірмелер туралы мәліметтер беріп өтсе, «Тәртіп- тәрбие бастауы» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулдана Сайлауқызы күн тәртібіндегі мәселелерді жалғастырды.
Мектеп инспекторы Мухитова Венера ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктер жөнінде түсіндіріп өтіп, әр жағдайдағы ата-аналардың жауапкершілігі, тәртіпсіздіктердің алдын-алу шаралары туралы мәлімет берді.
Мектептің әлеуметтік педагогі Айдана Шынтасқызы мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыттары, әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттарына тоқталып, 2021- 2022 оқу жылындағы мектебіміздегі республикалық «Мектепке жол» акциясының өту барысына тоқталып, қорытындылап өтті.
Жиналыс барысында чатқа келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.
Жиналыс соңында ата - аналарға Google форма арқылы кері байланыс жасалып, ұсыныстары мен тілектері алынды.