8(7112) 22-85-97

«Жас жол инспекторлары» қалалық слетінің қорытындысы

2021 жылдың 20-25 қыркүйегі аралығында «Оқушылар сарайы» МКҚК-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,   БҚО «Қауіпсіз жолдар» жобасы аясында «Жас жол инспекторлары» қалалық слеті өткізілді. Қалалық слетке мектеп-лицейіміздің «Шапағат» жас жол инспекторлар жасағы 5 тур бойынша қатысты. «Шапағат» жас жол инспекторларының жетекшілері: Насибуллинов Ербол Насибуллинович, Орынгалиев Оралбек Куанышкалиевич.

«Жас жол инспекторлары» қалалық слетінің қорытындысы бойынша «Шапағат» жасағының капитаны, 7 «Ә» сынып оқушысы  Калибекова Айым  «Үздік білгір топ басшы» аталымы бойынша жеңіске жетті. Үздік білгір топ басшысы Калибекова Айым қалалық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталып, ұйымдастырушы  «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігі  тарапынан тоғызқұмалақ тарту етілді.

Слеттің мақсаты: жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеу, балалардың жол-көлік жарақаттарының  алдын алу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру.