«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Адилова Аружанның сайлауалды бағдарламасы негізінде мектеп-лицейімізде кітап клубы ашылды.
Кітап клубының мақсаты: мектеп-лицей оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытты тиімді өткізу, жаңа әдебиеттерді жүйелі насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
24.09.2021 жылы мектеп-лицейіміздің «Жас Ұлан» ұйымының бастамасымен кітап клубы өз жұмысын бастады. Кітап клубының отырысы қызықты әрі жаңа идеяларға толы болып, клуб оқырмандары жақсы әсер алды. Кітап клубына 5 а, 6 ә, 7 а, 10 а, 10 ә сыныптары келіп қатысып, кітап әлеміне сапар шекті. Кітап клубының мүшелері өздері оқыған және сүйікті кітаптары жайлы айтып, ой бөлісті. Кітап клубының жетекшілері: Джанашев Бейбарыс, Серік Ақнұр, Қалымбет Дильназ. Жетекшілер кітап клубының мүшелеріне жұмыс барысын таныстырып, алдағы уақытта оқырмандармен талқыға салынатын кітап жанрлары жайлы мағлұмат берді.