8(7112) 22-85-97

Мектебімізде «Математикалық регата» сайысы өткізілді.

Қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау, математикадан логикалық есеп шығару қабілетін дамыту мақсатында мектебіміздің базасында 24 қыркүйек күні 9,10,11 сыныптар  үшін қалалық математикалық регата өтті.

Регата барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 7 оқу кабинетінде өткізілді.  Барлығы 43 команда қатынасты.  Сайыс 4 турдан тұрды, әр тур сайын тапсырмалардың деңгейі күрделеніп, бөлінген уақыт ішінде орындау тапсырылды.  Әділ-қазылар алқасы командалардың жұмыстарын тексеріп, жұмыстары бағаланды.