8(7112) 22-85-97

«Озат педагогикалық тәжірибені рәсімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбындағы семинар

Озат педагогикалық тәжірибе - педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі  Семинар  мектептің әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспарына сай  өткізілді. Мақсаты: оқу-әдістемелік өнімдерді әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсету.  

Семинарды директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Жолдасбаева, талдамалық сараптама жүргізу әдістемелік бірлестігінің мүшелері А.К. Мусагалиева өткізді. Педагог-зерттеуші орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Кусанова өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында сараптамалық кеңеске ұсынылатын құжаттар тізбесі, рецензия жазуға  қойылатын талаптар, инновациялық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық картасы, тәжірибенің маңызды сипаттамалары, әдістемелік ұсыным құрылымы, әдістемелік материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар туралы баяндалды.