8(7112) 22-85-97

Облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» регатасы өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының  жылдық жоспарына сәйкес облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» математикалық регатасы 5-6 сыныптар үшін  4 қазан  күні  өтті.

Қалалық математикалық регатаның қорытындысы бойынша мектебімізден 6 ә сынып оқушысы Максотова Амина қатынасып,  ІІ-орынды иеленді. Командалық есепте де оқушымыз ІІ-орын иеленді. Жетекшісі математика пәнінің педагог-зерттеуші мұғалім Капашева Гулжамал Нуржановна. Оқушымыз Аминаны және әріптесіміз Гулжамал Нуржановнаны үлкен  жетістіктерімен құттықтаймыз!