Қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау, математикадан логикалық есеп шығару қабілетін дамыту мақсатында 21, 23, 24 қыркүйек күндері 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар үшін математикалық регата өтті.
Сайыс 4 турдан тұрды, әр тур сайын тапсырмалардың деңгейі күрделеніп, бөлінген уақыт ішінде орындау тапсырылды. 5-6 сыныптар оқушылары Есболсын Нұрайым, Иргалиева Аружан, Максотова Амина, Темирханов Ернар ІІ-орынға ие болды. Пән мұғалімдері : Хусаинова Г.Х, Капашева Г.Н, Дүйсенбаева М.Н. 7-8 сынып оқушылары Мажитов Асхат, Амангелді Дінмұхамед, Темирова Милана, Жаншина Ясмина ІІІ-орын иеленді. Пән мұғалімдері : Самарбаева Б.А, Дүйсенбаева М.Н, Изимова А.Т. 9-11 сынып оқушылары Қадырболат Ринат, Меңешев Нұрбек, Ахмет Әлихан Сағынтаева Ранида ІІІ-орын иеленді. Пән мұғалімдері: Капашева Г.Н, Батыргалиева А.Қ. Мукашева Р.Б. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!