8(7112) 22-85-97

Математика пәні мұғалімдері арасында өткізілген қалалық «Математикалық регата» байқауының қорытындысы

Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес және білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау,   математика саласындағы оқу танымдық қызметін ынталандыру, білімді насихаттау мақсатында математика пәні мұғалімдері арасында  «Математикалық регата» турнирі 29 қыркүйек күні өткізілді.

Турнир төрт кезеңнен тұрды.  Топ мүшелері әр кезеңде жазбаша түрде үш есептен шығарды.  Әр есеп арнайы бетте жазылып, қазылар алқасына тапсырылды. Барлығы 70 астрономиялық минут берілді.

І кезең тапсырмаларын шешуге 10 минут, ІІ кезең тапсырмаларын шешуге 15 минут, ІІІ кезең тапсырмаларын шешуге  20 минут, ІV кезең тапсырмаларын шешуге 25 минут. Мектебімізден қатынасқан жас мамандар Батыргалиева Айнұр Қанатқызы және  Изимова Ақылай Тарихқызы ІІ-орын иеленді. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!