8(7112) 22-85-97

«Мың алғыс саған, ұстазым!» концерттік бағдарламасы

Лицейіміздің 11 сынып оқушылары, мұғалімдер мерекесінде, ұстаздарына арнап «Мың алғыс, саған, ұстазым!» атты концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдарлама ұстаздарымызға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтау мақсатында өткен болатын. Концерттік бағдарламада №41 мектеп-лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік кеште ұстазға деген құрметті, ыстық ықыласты оқушыларымыз әуезді әуендерімен, күмбірлеген күйлерімен, мың бұралған билерімен жеткізе білді. Кеш барысында ұстаздарымыз алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Мерекелік концерт барлық санитарлық талаптарға сай өтті.

Ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білген 11-сынып оқушыларына алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілейміз. Мектеп-лицейіміздің, ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп, мақтанышымыз болыңыздар!