Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Еңбек жолында қажырлы қызмет атқарып, қазірге кезде зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымызды мерекесімен құттықтау мақсатында бұл шараны жүзеге асырдық.
Жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап берер, ұстаздарымыздың мерекесіне орай, №41 мектеп-лицей ұжымы қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтады. Зейнет жасына шықса да ардагер ұстаздарымыз қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, әр істеріңізге сəттілік тілейміз.