1.10.2021 жылы мектеп-лицейімізде ұстаздар мерекесіне орай, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылған болатын. «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастырудағы мақсат: әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.
«Өзін-өзі басқару» күні оқушылар мұғалім болудың қыр-сырларымен танысып, үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, мұғалім мамандығы туралы өз көзқарастарын білдірді. Өздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқара отырып, оқушылар мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына белсене атсалысты.