8(7112) 22-85-97

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында қашықтықтан байқау өтті

Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында қашықтықтан «Мой город в истории моей страны!» тақырыбында бейнеролик байқауы 16 қыркүйек күні өткізілді.

Байқауға мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Рахметкалиева Нурзия Орынгалиевна қатысты. 

Байқау шарты бойынша қалаға танымал тұрғындардан 5 минуттық сұхбат алу қажет болатын,  байқау 5 түрлі критерий бойынша бағаланды.

  1. Байқаудың шартына сай болуы.
  2. Сұхбат жүргізудің жанрына сәйкес келуі
  3. Бейнероликтің біртұтастығы
  4. Бейнероликтің өзектілігі
  5. Бейнероликтің эстетикалық рәсімделуі

Байқау қорытындысы бойынша Рахметкалиева Нурзия Орынгалиевна жүлделі ІІІ-орын иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!