8(7112) 22-85-97

«Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі»

7 қазан күні мектеп-лицейімізде сынып жетекшілердің қатысуымен «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекші рөлін жандандыру. Сынып жетекші қызметіндегі негізгі мақсат-міндеттерін айқындай отырып, өзара іс-тәжірибе алмасу болды. Семинарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова жүргізді.

Семинар «Комплимент» жаттығуынан яғни, әр сынып жетекші өзінің қасында тұрған әріптесіне бір ай ішінде қай қырынан танығандығын, оның бір жақсы қасиетін айту арқылы басталды. Кейін сынып жетекшілер жоспарланған шығармашылық жұмыстарға сай үш топқа бөлінді. Әр топ тәрбие жұмысының басым бағыттарына постер қорғап, осы бағыттарға қандай шараларды, жобаларды қарастыруға болатындығын айқындады. Семинар ортасында орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережеге сәйкес (2016 жылғы12 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген) сынып жетекші қызметінің мақсаты мен міндеті, сынып жетекшінің функциясы, сынып жетекшінің қызметін ұйымдастыру бөлімдері талқыланды. Семинар соңында №41 мектеп-лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы сынып жетекшілерді алдағы тәрбие бағытындағы жұмыстардың жоспарымен таныстырып, семинарды қорытындылады.