8(7112) 22-85-97

Ақпараттық және киберқауіпсіздік \6-8 сынып жиналысы\

7 қазан күні 6-8 сынып оқушыларына “Ақпараттық және киберқауіпсіздік” тақырыбында жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде: интернет қауіпсіздігі; жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг және буллинг мәселесі; электронды темекінің адам денсаулығына зияны; білім беру орындарындағы тыйым салынған құралдар әкелмеу; мобильді байланыс құрылғыларын пайдалану ұсынымдары қарастырылды.

Жиналыс барысында мектеп-лицейіміздің информатика пәні мұғалімі Лаззат Асылбековна  интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желілерде кездесетін әртүрлі кедергілерден сақтандыруды оқушыларға сауалнама түрінде, сұрақ қоя отырып талқылады. Мектеп-лицей инспекторы Мухитова Венера Биржановна оқушыларға видеоролик арқылы электронды темекінің адам денсаулығына тигізетін әсерін нақты дәлелдемелермен көрсетіп өтті. Сонымен қатар, электронды темекіні қолдану салдарларын айта отырып, алдын-алу шараларын түсіндірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова білім беру ұйымдарына әкелуге тыйым салынған заттарды, оқу сабақтары кезінде мобильді құрылғыларды пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ескерте отырып, жалпы құқықбұзушылыққа жол бермеу керектігін баса айтып, жиналысты қорытындылады.