9-қазан күні педагогтерді оқыту мен оқуды жақсартудағы сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігін тәжірибеде қолдануға бағыттау мақсатында «Сабақты зерттеу – оқу мен оқыту сапасын арттыру негізі» тақырыбында коучинг өткізілді.
Мектептің әдістемелік жоспарына сай, «Талдамалық сараптама жүргізу» әдістемелік бірлестігінің мүшесі Бибигүл Демеуовна Габдрахманова Сабақты зерттеу тәсілін мектепте қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы кіріспе коучинг өткізіп, педагогтерге топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы Сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігімен бөлісті. Әр топтың спикерлері өздерінің постерлерін қорғау арқылы түйген ойларын да ортаға салды. Сабақты зерттеу тәсілі мектепте негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында жүргізілетіндігін айта келе, мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытатындығына баса назар аударды. Өйткені Сабақты зерттеу тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасатындығына мысалдар келтірді.
Сергіту сәті мен кері байланыс алу да тақырыпқа сай мазмұнды өтті.