11 қазан күні «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқушы бойына жауапкершілікті, өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Оқушыларға дене шынықтыру апталығының жоспары таныстырылып, ортаға мектебіміздің мәртебесін көтеріп жүрген, көптеген жарыстардың жүлдегерлері, жас спортшыларымыз шақырылды. Спортшылар апталықтың ашылуына өлең жолдарын оқып, шараны флешмоб биімен аяқтады. Шараны ұйымдастырушылар апталық аясында өткізілетін іс-шараларға оқушыларды белсене қатысуға шақырды.