Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында 4-8 қазан аралығында мектепішілік олимпиада өтті. 11 қазан күні жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Олимпиада ережесі, жоспары бекітіліп, олимпиада тапсырмалары әзірленіп негізгі 12 пән бойынша өткізілді. Барлық қатысқан оқушылар саны 109, олардың ішінде 9-сыныптар бойынша 49, 10-сыныптар 41, 11-сыныптар бойынша 19 оқушы. Екі кезеңнен жоғары ұпайға бағаланған оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі грамоталармен, медальдар және сыйлықтармен марапатталды. І-орын 23, ІІ-орын 25, ІІІ-орын 37. Қатысушы мен жеңімпаздар санының көптігіне қарай «Үздік олимпиадалық команда- 2021» 10 «а» сыныбы атанды. Аймақтық олимпиадаға қатысушы кандидаттарды анықталды, дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!