8(7112) 22-85-97

Спорт шебері Серик Қартабаевпен кездесу кеші

12 қазан күні «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында жауынгерлік самбодан  Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, ересектер арасында ҚР құрама командасының мүшесі, Азия чемпионы, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, аралас жекпе-жектен бірнеше мәрте чемпион, БҚО-ның аралас жекпе-жектен аға жаттықтырушысы Серик Қартабаевпен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешін ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімі Ажгалиев Арнаут Талапович. Кездесу барысында Серик Қаратабаевтың спорт жолындағы жетістіктер туралы бейне ролик арқылы баяндалып, , оқушылардың өнері көрсетілді. Оқушылар Серик Қартабаевқа өмір, спорт жолы туралы сұрақтар қойып, көптеген мәліметтер алды.

Аға жаттықтырушы сөз соңында  оқушыларды  дене шынықтыру мен спортпен көбірек шұғылдануға шақырды. Кеш соңында мектеп атынан «Алғыс хат» тапсырылды.