2021 жылдың 12 қазанда Оқушылар сарайы базасында Оқушылар сарайының 5 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елдің ұрпағымен» атты қала мектептерінің пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өткізілді. Облыстық кезең 19 қазан күні өткізіледі. Пікірсайыс турнирінің мақсаты: оқушыларды дара тұлға ретінде дамуына көмектесу, дарындылық қабілеттерін арттыру, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу болып табылады.
Дебат тек зияткерлік сайыс емес, ол – оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс жасауға, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады.
Қалалық кезеңге қала мектептерінің ішінде 20 жалпы білім беретін мектеп ішінен 40 оқушы қатысты. 10-сынып оқушылары Адилова Аружан, Кенжегужина Асем лицейіміздің намысын қорғады.
Төрешілер - БҚО «Ақиқат» дебат клубының мүшелері және студенттер. Бас төреші - БҚО дебат төрешілердің басшысы Ақерке Әміржанқызы.
Пікірталас турнирі төмендегідей қорытындыланды:
1-орын №41 мектеп-лицейі, 2-орын №42 «Ақ ниет» жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы, 3-орын №44 Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы, 4-орын №49 жалпы білім беретін мектебі.
Адилова Аружан мен Кенжегужина Асем топты жарып, қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанды.
Марапатталған оқушылар облыстық кезеңге қатысатын болады.
Ұшқыр ойлы қатысушыларға алдарына қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз! Алар асуларың, шығар биіктерің көп болсын.