13 қазан күні «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында асық атудан «Алтын сақа» ұлттық ойыны оздырылды. Сайыстың мақсаты: ұлтымыздың ұмытылып бара жатырған ұлттық ойынын жаңғырту, балаларды асық ойнату арқылы дәлдікке, мергендікке, ептілікке үйрету, оқушыларымызды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.
Сайысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Иманиязова алғы сөз алып, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. «Алтын сақа» асық ату ойынын дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нурманов Асланбек Орынбасарұлы мен Хамитов Мұрат Талапұлы ұйымдастырды.
Жарыс 7-8 сыныптар арасында өткізілді. Жарыс барысында спортшылар ортаға шақырылып, ойын ережесі таныстырылды. Жарыс сайыс талаптарына сай жүргізіліп, оқушылар аса қызығушылықпен қатысты.
Сайыс төмендегідей қорытындыланды: І орын 7 ә сынып оқушысы Оразғали Ералы, ІІ орын 7 в сынып оқушысы Куандыков Камиль, ІІІ орын 7 а сынып оқушысы Ғизат Нұрдаулет иемденді.
Сайыс соңында жеңіске жеткен оқушыларды мектеп-лицей директоры Женис Мендигалиевич марапаттады.