8(7112) 22-85-97

«Білгірлер додасы» зияткерлік сайысы

14 қазан күні 6-7 сыныптар арасында «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында  «Білгірлер додасы» зияткерлік сайысы өтті. Зияткерлік сайыстың мақсаты: оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау.

Сайысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері Еркингалиев Алибек Аманкелдиевич пен Насибуллин Ербол Насибуллинович ұйымдастырды. Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды. Зияткерлік ойын сұрақ-жауап, жағдаят шешу және жобалау кезеңдерінен тұрды. Сайысқа 16 оқушы 4 команда негізінде қатысты. Командалардың ішінен білімімен, тапқырлығымен  оза шыққан топ марапатталды. Сайыс арасында оқушылардың қарым-қатынасын нығайту үшін «Молекула» тренингі ойнатылды. Көрермен оқушыларымызға арнайы дайындалған сұрақтар қойып, жауабын тапқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.