“Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығын сайлау 14 қазан күні оқушылар мен мұғалімдердің дауыс беруі арқылы өткізілді. Сайлауда оқушылардың 90 %-ы, ұстаздарымыздың 53%-ы, барлығы 450 адам дауыс берді.
7-14 қазан күндері аралығында мектеп-лицейіміздің оқушылары арасында “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланған болатын. Көшбасшылыққа үміткерлікке 3 оқушы: Серік Ақнұр (10 сынып), Габдылгазизова Оксана (10 сынып), Есенов Аслан (9 сынып) өз кандидатураларын ұсынды. Байқауға қатысқан үміткерлердің бағдарламары негізінде 14 қазан күні сайлау болды. “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына сайлау ашық әрі жария сипатында өткізілді. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі лицей әкімшілігі тарапынан қадағаланды. Сайлау нәтижесінде: Серік Ақнұр 172 дауыс (дауыс бергендердің 38%-ы), Габдылгазизова Оксана 144 дауыс (дауыс бергендердің 32%-ы), Есенов Аслан 134 дауыс (дауыс бергендердің 30%-ы) жинады. “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшысы болған Серік Ақнұрды жеңісімен құттықтай отыра, ұйымның жұмысын жан-жақты жүргізіп, өзін-өзі басқару органының дамуына септігін тигізеді деп сенім білдіреміз.