8(7112) 22-85-97

«Аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары» семинар

Аттестаттаудан өтетін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету бағытында  «Педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығымен таныстырылды.

Мектептің әдістемелік жоспарына сай, мектеп директорының әдістемелік орынбасары Ж.Ж Жолдасбаева мен «Талдамалық сараптама жүргізу»  әдістемелік бірлестігінің мүшелері О.А.Жұмағалиева мен Г.Н.Капашева  аттестаттаудан өтетін педагогтарға арнап, аттестаттаудың жалпы ережелері, қойылатын талаптар, ұлттық біліктілік тесті және педагог портфолиосын жинақтау туралы семинар өткізді.

Семинар барысында  аттестаттау бойынша өзгерістер,  педагогтерге біліктілік санаттарының кезекті, мерзімінен бұрын және  рәсімінсіз беру тәртібі  айтылды. Аттестаттаудың бірінші кезеңі ұлттық біліктілік тестілеуге өтініш беру жолы, оқыту пәнінің мазмұны мен педагогика, оқыту әдістемесі бойынша шекті балл саны, бөлінетін уақыт, тестке дайындау бойынша нұсқаулықтар мен әдебиеттер таныстырылды. Екінші кезеңі мұғалім портфолиосының құрылымы, жинақтау әдістері, бағалауға қойылатын талаптар айтылды. Семинар соңында  қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып,  кері байланыс жасалды.