8(7112) 22-85-97

«Функционалдық сауаттылық бойынша бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды іріктеу және жүйелеу»

Оқыту сапасын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін дөңгелек стол өткізілді.

Мектептің әдістемелік жоспарына сай «Функционалдық сауаттылықты дамыту» әдістемелік бірлестігінің топ басшысы Лиза Сансызбаевна Мукатаева  функционалдық сауаттылық бойынша нормативтік құжаттармен таныстырды.  Әдістемелік топтың мүшесі Светлана Утешовна Нұрсапина  «Оқу сауаттылығы бойынша әдістемелік құралдар мен тапсырмаларды құрастыру» жолдарын әріптестермен бірге талқылады. Әдістемелік топ  мүшесі география пәнінің мұғалімі Лаура Самиголлиевна Адиева  PІSA тапсырмаларын құрастырудың жолдарын және жұмыс жоспарымен тәжірибе алмасты. Жас мамандар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.