15 қазан күні 9-10 сыныптар арасында «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында «Футболдан» спорттық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектепішілік спортты кеңінен насихаттау.
Сайысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері Еркингалиев Алибек Аманкелдиевич пен Хамитов Мұрат Талапұлы ұйымдастырды. Жарысқа 3 команда қатысты. Жарыстың нәтижесінде: І орын - 9б сыныбы, ІІ орын - 9ә сыныбы, ІІІ орын – 9а сыныбы иемденді. Үздік қақпашы - Рахымжан Дулат, үздік ойыншы - Сариев Мақсат, үздік шабуылшы - Амангелді Бекзат, үздік қорғаушы - Сагин Мейрамбек атанды. Жеңіске жеткен командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!