8(7112) 22-85-97

«Отцы и дети» ашық әңгіме

Балаларға көркем әдебиетіндегі әке образының, әкенің жанұядағы маңыздылығы туралы ашық әңгімелесу.

«Отец - это гордое слово» апталығы аясында  10б сыныбында  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кдрашева Эльмира Аклбековна «Отцы и дети»  атты ашық әңгіме өткізіп, атақты орыс әдебиетіндегі бейнесюжет көрсетіліп, сюжеттегі әкесі балаларының өмірінде қандай рөл атқарғаны туралы ой қозғады. XIX ғасырдағы әкелер мен заманауи  әкелердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын салыстыра отырып өз ойларымен бөлісіп, топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы идеалды отбасы, ата-ананың үлгісін қалыптастырды. Әр топтың спикерлері өздерінің постерлерін қорғау арқылы түйген ойларын да ортаға салды. Өмірден алған жағдаятты тыңдай отырып, сол жағдаят туралы өздерінің пікірін ортаға салды. Шараның соңында оқушылар ата-аналарынан қателіктері үшін кешірім сұрай отырып, өздерінің бақытты балалық шақтары үшін өлең шумақтары арқылы өздерінің ризашылығын білдірді. Шараның соңында ер балаларға үлгілі әке образы қандай болу  туралы ақпарат берілді..

Сергіту сәті мен кері байланыс алу да тақырыпқа сай мазмұнды өтті.