Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында отбасылық отырыс түрінде өткен іс-шараға ата-аналарды, соның ішінде әкелер қатысты.
Мектептің әдістемелік жоспарына сай, «Отец – это гордое слово!» тақырыбында оздырылған орыс тілі мен әдебиеті апталығының аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибигүл Демеуовна Габдрахманова 5«А», «Ә» сынып оқушылары арасында «Для меня всегда герой – самый лучший папа мой!» атты отбасылық отырыс өткізді. Бұл сыныпта пән бойынша сабақта өткен шығармаларға сүйене отырып оқушылардың әкеге деген құрметтерін, ыстық ықыластарын арттырды. Оқу мақсатына сай оқушылар хат жазу дағдыларын жетілдіріп «Әкеге хат» жазды, ойларымен бөлісті. Әкелерімен бірге оқыған ертегіні рөлдік ойын арқылы көрсете білді, өлеңдер оқыды. Classtools.ru, Learningapps.org сайттары арқылы тақырып бойынша ұйымдастырған дидактикалық ойын мен мақал-мәтелдерді құрастыру оқушылардың білімдерін пысықтады, мазмұнды өтті. Шараның тәрбиелік маңызы зор болды.
Шара соңында оқушылар «Алақан» тәсілі арқылы әкелеріне деген сезімдерін білдірді.