Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен азаматтық қоғамның белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ынталандыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Бұл акцияға облыс аудандары, Орал қаласы тұрғындарының арасында ономастикалық атаулардың жаңғыруы мен көшенің тарихын насихаттау, атаулардың маңызын түсіндіру үшін қатысушылар өзі тұратын көше атауларының тарихи танымдық сипаты туралы отбасылық түрде немесе жеке қатысушы ретінде бейнетаныстырылым ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10ә сынып оқушысы Ауғанова Ботагөз І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышкалиева Гулдария Ермековна. Әріптесімізді және оқушымыз Ауғанова Ботагөзді жетістігімен құттықтаймыз!
Жүлде алған бейнетаныстырылым