2021 жылдың 18-22 қазан аралығында «Отец – это гордое слово!» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығының өтуде. Апталық аясында 21 қазан күні ашық сабақтар фестивалі өткізілді.
2021 жылдың 21 қазанында апталық жоспарына сай орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.О.Рахметкалиева 10а сыныбында Г.Бельгер «Дедушка Сергали» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ басында Отан, туған жер туралы мақалдар оқылып, оқушылармен шағын сұхбат жұргізілді. LearningApps.org – бағдарламасы арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Жаңа тақырыпты топпен талқылап, оқушылар тапсырмалар орындады. Сабақ соңында қазіргі қоғамда қарттарға көңіл аударылып жатқанына және Г.Бельгердің өмірі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екені туралы ой түйілді.
Кдрашева Эльмира Аклбековна 6б сыныбында «Все оставляет свой след» атты сабақ өткізіп, нақылдағы әкесінің баласының өмірінде қандай рөл атқарғаны туралы ой қозғады. Мәтінді оқи отырып, «Чтение с остановками» арқылы болжау жасау арқылы оқушыларды әрі қарай не болатынын айта отырып өз ойларымен бөлісіп, топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы «Карта истории» стратегиясы арқылы жұмыстың сюжеттік желісін құра отырып, сонымен қатар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтады. Сергіту сәті мен кері байланыс алу да тақырыпқа сай мазмұнды өтті.
5а сыныбында Г. К. Кусанова "Именинный обед" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - мәтін мен бейне қойылым мазмұнын талдау, тақырып, негізгі ой, сөйлеу түрін анықтау. Оқушылар топтарға бөлініп, топтық және жеке тапсырмаларды орындады. Сабақтың басында сөйлеу түрлеріне сипаттама берілді. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өзін-өзі бағалау кестесін толтырды және менеджерлер топтардың жалпы қатысуын бағалады. Сабақты қорытындылау "Плюс, минус, қызықты" стратегиясына сәйкес өтті. Үйге шығармашылық жұмыс түрлері берілді.
6в сыныбында Б.Д. Габдрахманова «Ты только помни, мальчик чей ты сын» тақырыбында өткізген сабағында әртүрлі белсенді әдістерді, соның ішінде стоп-кадр, Блум түймедағын қолданып, грамматикалық талдауға аса назар аударылды.