9,10 сынып ер балаларына сынып жетекшілердің, мектеп инспекторының, әкімшілік мүшелерінің қатысуымен жиналыс оздырылды.
Күн тәртібінде:
- Ақпараттық қауіпсіздік және кибербуллинг. /Кожахметова Л.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Электронды темекінің адам денсаулығына зияны.
- Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылу үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығы туралы хаты.
- Ағымдағы мәселелер.
21 қазан күні №41 мектеп лицейінің 9-10 сынып ер балаларына «Қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы жиналыс оздырылды. Жиналыста информатика пәні мұғалімі Кожахметова Лаззат Асылбекқызы оқушыларға интернет желісіндегі кибербуллингтен сақтану жолдары және буллинг, кибербуллинг түрлері туралы ақпарат бере отырып, сақтану шарттарын түсіндіріп өтті. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор литенант Мухитова Венера Биржановна жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері және оның салдары туралы айтып өтіп, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде жасөспірімдер арасында кең таралып отырған электронды темекінің адам денсаулығына зияны туралы кеңінен ақпарат берді. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Иманиязова Гулдана Сайлауовна мектепке және мектеп аумағына әкелуге тыйым салынған заттар тізбесін айта отырып, ұялы телефонды қолдану, оқу сабақтары кезіндегі мобильді байланыс құрылғыларын пайдалану режиміне қойылатын талаптарға тоқталды.
Мектеп-лицей директоры Женис Мендигалиевич қоғамдағы ер бала тұлғасының басым қалыптасуына кеңестер берді.