Әріптестерді білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру.
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай «IT құзыреттілік пен сандық сауаттылықты арттыру» тақырыбында әдістемелік бірлестігінің мүшесі Самарбаева Балжан Амантайқызы контент сабақты «Сапалы контент сабақ жасау» тақырыбында Canva сайты мен қосымшасын күнделікті сабақта, әлеуметтік желілерде тиімді қолдануға болатындығы туралы мұғалімдерге практика жүзінде, бірлесе орындау арқылы көрсетті.
АКТ құралдарын сабақта қолдану тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. АКТ құралдарын талдау арқылы, оның мүмкіншіліктерін қатысушылар бірлесе пікір білдіре отырып мысалдар келтірді. Мұғалімдер сабақ барысында бірден практика жүзінде іске көшіп, әр пән иесі өз тақырыптарына сай контент түрлерін жасап, сұрақтарын қойып жұмыстанды.
Ұйымдастырушы кері байланыста семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғысын білдірді.