«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллаұлы 22 қазан күні педагогикалық қызметкерлерге қысқа мерзімді оқыту семинарын өткізді.
Семинарда мұғалім жұмысының нәтижелігі немен өлшенетіндігі талқыланып, мұғалімдерге сұрақтар берілді. Мұғалім жұмысының басты көрсеткіші - білім сапасы екендігі баса айтылды. Екінші кезекте сол мұғалімдердің жұмыстарын басқаратын, үйлестіретін, қадағалайтын, көмектесетін тұлғалар, мұғалімнің негізгі міндеттері талқыланды. Педагогтермен пікірлесу, топқа бөлініп сұрақтар бойынша талқылау жүргізіліп, өзекті мәселелер ортаға салынды. Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. «Педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбы бойынша 54 педагог қызметкерге қатысушы куәлігі табысталды.