Байқау Орал қаласының білім беру бөлімі Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының шығыс хаты негізінде республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру бойынша 27 қазан күні өткізілді.
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында командалық байқау өткізілді. Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған кітаптардың мазмұны бойынша өткізілді. Қалалық кезеңде мектебіміздің командасы І орынға ие болды. Команда құрамының мүшелері 5«а» сынып оқушылары Артурова Ару мен Әміртай Айару, жетекшілері Қуанышқалиева Гүлдария Ермековна, 6«б» сынып оқушысы Серік Жанерке, жетекшісі Беккужиева Светлана Адилхановна, 7«а» сынып оқушысы Амангелді Аружан мен 7«б» сынып оқушысы Нұрлан Назерке, жетекшілері Иманиязова Гулдана Сайлауқызы. Оқушыларымыз бен пән мұғалімдерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!