8(7112) 22-85-97

«Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі» вебинар

Жас ұстаздарға жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру талаптары мен қадамдарының теориялық және тәжірибелік қолдану жолдарын көрсету.

Мектептің әдістемелік жоспарына сай, «Бағалау және сараптау»  тобының жетекшісі Э.О.Орынбасарова және мүшелері Г.Х. Хусаинова мен Г.Е.Куанышкалиева әріптестерімен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына қойылатын талаптар, тапсырмалардың түрлері, олардың жасалу жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Эльмира Орынбасаровна «Кері дизайн» әдісі арқылы дайын жиынтық бағалау жұмыстарынан мұғалімдердің өздеріне талдау жұмыстарын жүргізсе, ал жаратылыстану-математика бағытында Гульбану Хамидуллиевна өз тәжірибесімен бөлісті. Гуманитарлық пәндер бойынша Гулдария Ермековна дағдылар бойынша тапсырмалар қалай құрастырылады, қалай оқушыларды бағалайды деген мәселелер төңірегінде ой қозғады. Вебинар барысында ұстаздарға берілген сұрақтарға жауап берілді, отырыс ашық диалог жағдайында мазмұнды ұйымдастырылды.