Әріптестерді білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру.
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай «IT құзыреттілік пен сандық сауаттылықты арттыру» тақырыбында әдістемелік бірлестігінің мүшесі Самарбаева Балжан Амантайқызы контент сабақты «Сапалы контент сабақ жасау» тақырыбында контент сабаққа қажетті бағдарламалар, қосымшалар мен сайттарды мұғалімдерге практика жүзінде ұйымдастырып, бірлесе орындау арқылы осы оқу жылындағы екінші практикумын өткізді.
Контент сабақты жасауда негізгі қадамдары айтылып, олардың артықшылықтары көрсетілді. АКТ құралдарын талдау арқылы, оның мүмкіншіліктерін қатысушылар бірлесе пікір білдіре отырып мысалдар келтірді. Мұғалімдер сабақ барысында бірден практика жүзінде іске көшіп, әр мұғалім өз сұрақтары бойынша семинар өткізушімен бірлесе жұмыстанды.
Ұйымдастырушы кері байланыста семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғысын білдірді.