2021 жылдың 3-қараша күні №41 мектеп-лицейінде педагогтер арасында бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен, мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Тимбилдинг – ұжымдағы қарым-қатынастың даму негізі» тақырыбында шара оздырылды.
Бұл әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты – ұжым мүшелері ортасында біртұтас команда моделін, берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру, қысымды түсіру, позитивті көңіл-күй қалыптастыру болып табылады. Шара барысында «Сап түзеу», «Кедергілерден өту», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Арқан тартыс» ойындар ойнап, логикалық тапсырмалар орындалды.
Топтағы қарым-қатынастарды жақсартудан басқа, тимбилдинг – қызметкерлердің жеке қасиеттерін - қандай мүмкіндіктері бар екенін, күрделі жағдайларда өздерін қалай ұстайтындарын білуге көмектесетін өте жақсы тәсіл. Осындай шара бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі.