8(7112) 22-85-97

«Мен бәрінің бастамасымын»

«Мен бәрінің бастамасымын» шарасы аясында 8б сынып ұжымы ата-аналарымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрына «Томирис» премьерасына барды.

8б сынып оқушылары ата-аналардың ұйымдастыруымен 31 қазан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында қойылған «Томирис» премьерасын тамашалады. Драмада тарих толқынынан сыр шертетін кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады, соңында жеңіске жетеді. Елі үшін, жері үшін Томирис жарын да, баласын да құрбан етеді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен халқын талай таң қалдырды. Томирис ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасайды.

Оқушыларды драма желісі толғандырып, өзара ойларымен бөлісті. Елі мен жерін қорғаған батыр қыздың ерлігін сахнадан тамашалап көрулері үлкен әсер қалдырды.