8(7112) 22-85-97

«Мен бәрінің бастамасымын»

«Мен бәрінің бастамасымын» шарасы аясында 10а  сынып оқушылары  күзгі демалыс күндері қаламыздағы Пушкин музей-үйіне барып қайтты.

Рухани жаңғыру іс-шарасы негізінде «Мен бәрінің бастамасымын» шарасы шеңберінде 10а сынып оқушылары 2006 жылы ақын Е.Пушкиннің жылы болып,  Ресей елі президенті В.Путин мен Н.Назарбаевтың қатысуымен ашылған қаламыздағы  Пушкин музей-үйіне барып қайтты. Мақсатымыз:

  • Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу;
  • Туған өлкеміздегі мәдени орындармен таныстыру;
  • Оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Е.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын тереңірек ұғындыру;
  • Оқушыларды Е.Пугачев кезеңіндегі тұлғалардың өмірі мен тұрмысымен таныстыру;
  • А.Пушкиннің шығармашылығына Е.Пугачев бастаған көтерілістің берген әсері туралы ой бөлісу.

Экскурсия барысында оқушыларымыз қаламыздың тарихымен, атақты адамдардың, ірі тұлғалардың өмірбаянымен, еңбектерімен танысты. А.С.Пушкин жайлы тың мәліметтер алып, өзара ой бөлісті. XVIII ғасырда  салынған бұл үйде бүгінгі күнге дейін көтеріліс басшысының қолданған  құрал-саймандары, тұрмыстық киімдері, жиһаздары сақталғанын көрді. Көтеріліс басшысы Е.Пугачев бастаған шаруалар  көтерілісі туралы біліп, А.С.Пушкиннің, В.И.Дальдің сол көтеріліс басшысының өмірі жайлы зерттеулерімен танысты.  Туған өлкемізде болған тарихи тұлғалар туралы біліп, тарихи музейлердегі жәдігерлермен танысу  жас ұрпақтың патриоттық сезімін тудырары хақ.