8(7112) 22-85-97

«Педагогтерді кәсіби қалыптастыру жолдары» семинар

Жас және жаңадан келген педагогтерге көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу, жаңадан қабылданған мамандардың өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.

Мектептің әдістемелік жұмыс  жоспарына сай, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жолдасбаева және мектеп психологы С.С.Тәжен педагогтердің кәсіби қалыптастыру бағытында екі топ бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастырды. Семинар барысында  Фишбоун, SWOT талдау, педагогикалық жағдаяттар талқыланып және жаңадан келген тәжірибелі мамандар мен тәлімгерлер «Жас мамандарға жадынама» құрастырды. Мектеп-лицей директоры Ж.М.Шонбаев жас мамандарға зейінді шоғырландыруға байланысты әдістермен, педагог қызметіне тиімді фильмдердің сілтемесін ұсынды. Семинар соңында рефлексия жүргізілді.