4 қараша 5,8,11 сыныптарда жоспарлы ата-аналар жиналысы өтті.
Бекітілген жоспар бойынша 5,8 сынып ата-аналар жиналысы ZOOM форматында ұйымдастырылды.
11-сынып ата-аналар жиналысы офлайн форматында ұйымдастырылды.
Мақсаты: І оқу тоқсанының қорытындысы туралы мәлімет беру, белгіленген жоспарлы тақырып аясында ой бөлісу, пікірлесу, оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана жауапкершілігін арттыру, алдағы оқу тоқсанында атқарылатын іс-шараларды жоспарлау. 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу.
Белгіленген сыныптардағы ата-аналар жиналысы уақытында басталып, жоспарланаған тақырыптар толық қамтылды. Сынып жетекшілер негізгі тақырып аясында ой бөлісіп, ата-аналардың пікірлері, ұсыныстары тыңдалды. Мектеп тарапынан жауапты бекітілген әкімшілік мүшелері толық қатысып, мектеп психологі С.Тажен психологиялық тренингтер жүргізді. 11-сынып оқушыларының сынып жетекшілері Л.Адиева мен Н. Ажғалиев қосымша жүргізіліп отырған пән көрсеткіштеріне тоқталды. Сондай-ақ таңдаған пәндері бойынша мамандық таңдауға көмек беру, қолдау көрсету мақсатында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Аскар Сайынович Аманбаев шақырылып, оқушыларға кең тұрғыда кеңестер берілді.