5 қараша 9,10 сыныптарда жоспарлы ата-аналар жиналысы өтті.
Бекітілген жоспар бойынша 9,10 сынып ата-аналар жиналысы ZOOM форматында ұйымдастырылды.
Мақсаты: кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстар туралы ата-аналармен ой бөлісу, І оқу тоқсанының қорытындысы туралы мәлімет беру, пікірлесу, оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана жауапкершілігін арттыру, алдағы оқу тоқсанында атқарылатын іс-шараларды жоспарлау, құқықтық сауттылық тақырыбында әңгімелесу.
Белгіленген сыныптардағы ата-аналар жиналысы уақытында басталып, жоспарланаған тақырыптар толық қамтылды. Сынып жетекшілер негізгі тақырып аясында ой бөлісіп, ата-аналардың пікірлері, ұсыныстары тыңдалды. Мектеп тарапынан жауапты бекітілген әкімшілік мүшелері толық қатысты. Сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімдері туралы айта отырып, болашақтағы мамандық таңдауға көмек беру, қолдау көрсету мақсатында тренингтер, тәжірибелер ұсынды, ата-аналарға кең тұрғыда кеңестер берді.