Мектеп-лицейдің жылдық жұмыс жоспарына сай 6-қараша күні «Пәннің оқу бағдарламасы бойынша оқушы біліміндегі және оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтарды жою» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес оздырылды.
Педагогикалық кеңесте «Пәндер бойынша білім алушылардың біліміне жүргізілген бастапқы бақылау жұмыстары бойынша іске асырылған шаралар туралы», «5-11 сыныптардағы тереңдетілген сыныптардағы пәндердің берілуін зерделеу» тақырыбында және ағымдағы «Мектептің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамын өзгерту туралы», «Оқу кабинетерінің талапқа сай қолданылуы туралы», «Оқушыларды сыныптан-сыныпқа ауыстыру туралы» мәселелер қамтылды. Педагогикалық кеңеске ҚББ-нің тарих пәні бойынша әдіскері Жұмабай Жақсығали Төлегенұлы қатынасты. Кеңестегі мәселелерге байланысты педагогикалық ұжым мүшелері ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасалынды.