8(7112) 22-85-97

«Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» атты кітап оқу сайысы

8 қараша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7б сынып оқушылары арасында «Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» сайысының І кезеңі ұйымдастырылды.

7б сынып оқушыларының арасында сынып жетекшісі Мукатаева Лиза Сансызбаевна «Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» сайысын ұйымдастырды. Сынып оқушыларына күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында алдын ала оқуға Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі берілді. Сайыстың бірінші кезеңінде атаулы кітап шеңберінде 100 сұрақ беріліп, 30 минут ішінде  кітап мазмұны төңірегінде өз білімдерін (тест түрінде) белгіледі.   Жалпы сайыстың мақсаты:

  1. Шығарма мазмұнындағы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және құндылықтарды түсіну;
  2. Оқи отырып, көркем туындының тіл ерекшеліктерін түсіну;
  3. Оқушының сөздік қорын молайту;
  4. Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдыландыру;
  5. Төл туындыларымызды жаңғырту, ірі тұлға туындыларын насихаттау;
  6. Белгілі уақыт ішінде ойларын жүйелеп, шапшаң жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің құралы ретінде, тұлғанының қоғамда табысты болуына  әсер ететіні айқын.