8.11.2021-12.11.2021 арадығында мектеп-лицейімізде «Батарейка тапсыр да, ресурстарды үнемде» акциясы жүргізіліп жатыр. Акцияның мақсаты:
1) шикізатты екінші рет пайдалану арқылы табиғи ресурстарды едәуір үнемдеуге ұмтылу;
2) қоршаған ортаның ластануын азайту;
3) адам өмірі үшін қауіпті аурулардың алдын-алу.
Батареяларды тұрмыстық қоқысқа лақтырудың салдары ауыр болуы мүмкін. Қоқыс полигонға шығарылады, онда желдің, жаңбырдың, күннің әсерінен металл корпус коррозияға ұшырайды және тот басады. Химиялық құрам топыраққа және жер асты суларына, сол жерден су объектілері мен өсімдіктерге енеді. Сонымен, ауыр металдар суға, көкөністер мен жемістерге, етке, сүтке түсіп, адамдар өмірі үшін қауіпті аурулар пайда болады және қоршаған ортамыздың экологиясы бұзылады. Осындай адамзат үшін үлкен мәселелердің алдын-алу мақсатында «Батарейка тапсыр да, ресурстарды үнемде», «Таза ғаламшар», «Макулатура жинаймыз- орманды сақтаймыз» секілді акциялардың үлесі зор. Барлық мектеп-лицейіміздің ұжымын, оқушыларды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл акциядан кейін де ғаламшарымыздың болашағы туралы ойланып, батареяны ең жақын қабылдау орындарына тапсыруларыңыз сұралады!